lichess.org
Демеу жасау

Швейцарлық жарыстар

Қазір ойында
Rapid Incrementжасаған – Lichess Swiss3/7 айналым7+2 • Рапид • Бағалы
72
Bullet 2+1жасаған – • Chess Academy Community •5/21 айналым2+1 • Bullet • Бағалы
40
SuperBlitz tournamentжасаған – Wolves Chеss Team5/7 айналым3+0 • Блиц • Бағалы
21
Qyzmetcupжасаған – Qyzmetcup3/7 айналым3+2 • Блиц • Бағалы
17
Elite Daily Rapid 10+0жасаған – Syeda Faiza Elite Chess Club4/7 айналым10+0 • Рапид • Бағалы
16
Басталуға әзір
SuperBlitz tournamentжасаған – Wolves Chеss Team7 айналым3+0 • Блиц • Бағалы
10
Blitz Incrementжасаған – LiveChess7 айналым5+3 • Блиц • Бағалы
8
National Open 3+2 Blitzжасаған – National Chess Blasters11 айналым3+2 • Блиц • Бағалы
6
Fun4All Tournament 1жасаған – Fun4All5 айналым1+0 • Bullet • Бағалы
2
Troitskyжасаған – horde, blitz and rapid tournaments7 айналым10+0 • Рапид • Бағалы
0

Швейцарлық жарыста (wiki) әр қатысушы қалғандардың барлығымен ойнап шығатынына кепіл жоқ. Әр ойында қатысушылар жекпе-жек ойнайды, оларды жұптау үшін ережелер жинағы жасалды. Ережеге сәйкес ойыншылардың дәрежелері шамалас, әрі алдында жұпталмаған болуы керек, Жеңімпаз болып бүкіл ойындарда қорытынды ұпайы көп ойыншы аталады. Егер ойыншылар саны тақ болмаса, барлық қатысушылар саны бірдей ойын ойнайды.

Швейцарлық жарысты жасай алатын – тек топ жетекшісі, жарысқа қатыса алатындар – тек топ мүшелері. Швейцарлық жарыста ойнау үшін Топты жасау не қосылу.

СалыстырмаЖарыс алаңыШвейцарлық жарыстар
Жарыс ұзақтығыҰзақтығы белгіленген (минутпен)Айналымдар саны белгіленген, бірақ ұзақтығы беймәлім
Ойын саныҰзақтығымен шектелген барынша көпАлдын-ала келісіп белгіленген, барлық ойыншыларға бірдей
Жұптау жүйесіДәрежесі шамалас кез-келген қарсыласҰпай мен шешуші ойынға негізделген ең тиімді жұптау
Жұптау уақытыТез: барлық ойыншыны күтпейдіБаяу: барлық ойыншыны күтеді
Бірдеу жұптауРұқсат, бірақ қатарынан емесРұқсат емес
Кешіге қосылуИәРұқсат, бірақ айналымдардың жартысы өтпегенше
ҮзілісИәРұқсат, бірақ айналым саны азаяды
Тізбектер мен БерсеркИәЖоқ
Шынайы жарыстарға ұқсасЖоқИә
Шектеусіз әрі тегінИәИә
?

Қай жағдайда Алаң орнына Швейцарлық жарысты ойнаймыз?Швейцарлық жарыста әр қатысушы басқасымен тек бір рет кездесіп, барлығы саны бірдей ойын ойнайды. Бұл клубтар мен ресми жарыстарға оңтайлы.

?

Ұпайды қалай есептейді?Жеңіс – 1, тепе-теңдік – 0,5, жеңіліс – 0 ұпай.
Егер ойыншы бір айналымда жұптаспай қалса, ол бір "ақтаушы" ұпай алады.

?

Тай-брейкті қалай есептейді?Sonneborn–Berger әдісімен.
Қарсылас арасынан жеңілгендердің толық ұпайлары мен тепе-теңдікке жеткендердің жарты ұпайлары қосылады.

?

Жұптасу мәселесі қалай шешіледі?Голандиялық жүйе-де FIDE нұсқаулығы-на сәйкес bbPairings арқылы шешіледі.

?

Егер жарыста айналым саны ойыншылар санынан артық болса, не болады?Барлық мүмкін болған жұптар ойындарын аяқтаған соң, жарыс та аяқталады, жеңімпаз жария болады.

?

Топтарға неге шектеу қойылды?Швейцарлық жарыс онлайн шахмат ретінде жасалмаған. Ол ойыншыдан ұқыптылық, сабырлық талап етеді.
Әлемдік жарыстан гөрі бір топтың ішінде осы талаптарды орындау ыңғайлы деп ойлаймыз.

?

Ойыншы қанша "ақтаушы" ұпай алуы мүмкін?Жүйе ойыншыны жұптай алмағанда, ойыншы бір ұпай алады.
Сонымен қатар, ойыншы жарысқа кешігіп қосылса, жарты "ақтаушы" ұпай алады.

?

Ерте тепе-теңдік не болды?Швейцарлық ойында ойыншы 30 қадам жасамай тепе-теңдік сұрауға жол жоқ. Бұл шектеу жоспарлы тепе-теңдікке тосқауыл болмаса да, тепе-теңдіктер санын азайтуда септігі бар.

?

Егер ойыншы ойнамай отырса, не болады?Уақыт бітеді де, ойыншы жеңіледі.
Кейін жүйе оны жарыстан шығарады, бірақ ойыншы кез-келген уақытта қайта қосылуға қабілетті.

?

Қатыспағандарға қандай шара?Швейцарлық ойынға кірген, бірақ қатыспағандар қиындық тудыруы мүмкін.
Мәселені шешу үшін Личес оларға белгіленген бір уақыт аралығында жаңа ойындарға қатысуда тыйым орнатты.
Дегенмен, Швейцарлық ойын құрастырушысы оларға рұқсат беруге қауһарлы.

?

Ойыншылар кешіге қосыла алады ма?Айналым санының жартысы өтпесе, Иә. Мысалы, 11-айналымды жарыста 6-ыншы айналымға дейін немесе 12-айналымды жарыста 7-інші айналымға дейін қосылуына болады.

?

Швейцарлық жарыс Алаң жарысын алмастыра ма?Жоқ, олар әр-түрлі жарыстар.

?

Round Robin туралы не дейсіз?Біз оны қосуға даяр едік, бірақ, өкінішке орай, Round Robin онлайн жұмыс істемейді.
Негізгі қиындық мынада: жарыстан ерте шыққан қатысушыларды әділ түрде қадағалау мүмкін емес. Онлайн шарада барлық ойыншылар өзінің барлық ойындарын ойнайтынына сену қиын. Шындығында, олай болмайды, сондықтан бүкіл онлайн түріндегі Round Robin жарысы – жарымшыл, әділсіз. Олай болса, осындай жарысты бастаудың да мәні жоқ.
Бірақ Швейцарлық жарысты барынша Round Robin жарысына ұқсатуға болады. Ол үшін айналым саны өте көп болуы керек. Сонда барлық мүмкін жұптасудан кейін жарыс аяқталады.

?

Басқа да жарыс тәртіптері туралы не дейсіз?Әзірге басқа жарыс тәртіптерін Лическе қосу ойымызда жоқ.